Accessibility links

Өзбекстанда журналист Насреддиновке айып тағылды


Хаед Хан Насреддинов.
Хаед Хан Насреддинов.

Өзбекстанда журналист әрі мұғалім Хаед Хан Насреддиновке конституциялық жүйеге қол сұқты деген айып тағылды. Бірақ нақты қай іс екені ашып айтылмаған. Бұл туралы өз дереккөзіне сілтеме жасаған AsiaTerra сайты хабарлады.

Бұл айып бойынша қылмыстық кодексте 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Өзбекстанның ҰҚК Насреддиновты 2017 жылы қазанда ұстаған. Комитет оны не үшін ұстағандарын айтпаған.

Хает Хан Насреддинов Өзбекстанда экономикалық білім алған, экономика ғылымдарының докторы. Ол соңғы жылдары Ташкенттің №94 мектебінде сабақ берген. Насреддинов кезінде оппозициялық "Өзбекстанның күнгей коалициясының" мүшесі болған. Ол біраз уақыт "Фергана" ақпарат агенттігінде журналист болып та жұмыс істеген. Азаттықтың орыс қызметіне де блогтар жазған.

XS
SM
MD
LG