Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Сеул мен Пхеньян арасындағы келіссөзге қатысты мәлемдеме жасады.
Мәлімдемеде "Қазақстан қос Корея арасындағы келіссөзді құптайтынын, екіжақты қарым-қатынастарды жақсарту үшін екі елдің талпыныстарын жоғары бағалайтыны" айтылған.
Қазақстан Солтүстік Кореяның Пхенчханда өтетін қысқы олимпиадаға қатысуы Корей түбегіндегі шиеленісті жеңілдетуге жәрдемдеседі деп үміттенеді.
9 қаңтарда Пханмунджом шекара бекетінде Сеул мен Пхеньян арасында келіссөз өткен. Келіссөздің алғашқы күнінен кейін Солтүстік Корея тарабы олимпиадаға қатысатындарын мәлімдеді.