Accessibility links

Қырғызстанда "кабинетте ұйықтаған" шенеунік жұмыстан қуылды


Қырғызстандағы Ноокат ауданына кіреберістегі белгі.
Қырғызстандағы Ноокат ауданына кіреберістегі белгі.

Қырғызстанның Ұлттық статистика комитеті Ноокат аудандық статистика бөлімінің бастығы Расулбек Ташовты қызметінен босатты.

Комитет баспасөз қызметінің хабарлауынша, шенеуніктің жұмыстан кетуіне қызметтік тексеріс себеп болған. Тексеру "мемлекеттік қызмет заңының" "еңбек тәртібін бұзу және жұмысқа алкоголь, есірткі қолданып, мас күйінде келу" бабы бойынша жүргізілген.

9 қаңтарда интернетте кабинеттегі екі адамның ұйықтап жатқаны көрсетілген видео жарияланған. Кабинет столында шырын қорабы мен арақтың шыны бөтелкесі тұр. Кабинет сыртында Расулбек Ташов деген жазу болған. Жергілікті басылымдар ұйықтап жатқан адамның бірі Ноокат аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы деп жазған. Бірақ Ош аудандық ІІБ баспасөз хатшысы Жанна Сатарова бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Ал Ташов Азаттықтың қырғыз қызметіне шырын ғана ішкенін, арақ ішпейтінін айтқан. Оның сөзінше, біреулер оны масқаралау үшін шырынға димедрол қосып ұйықтатып, видеоға түсіріп алған.

XS
SM
MD
LG