Accessibility links

Украиналық құқық қорғаушының мәйітінен күдіктінің ДНК-сы табылды


Ирина Ноздровская.
Ирина Ноздровская.

Украина ұлттық полициясының хабарлауынша, құқық қорғаушы Ирина Ноздровскаяның мәйітінен күдіктінің ДНК-сы табылған. Құқық қорғаушының өліміне күдікті ретінде осы аптада Юрий Россошанский ұсталған.

1 қаңтарда полиция Вышгород ауданындағы өзенде әйелдің өлі денесі табылғанын хабарлаған. Кейін оның құқық қорғаушы Ирина Ноздровская екені анықталған. Ноздровская 2015 жылы қыркүйекте Вышгород аудандық судьясының туысы көлігімен қағып өлтірген әпкесінің ісін әділ тергеумен айналысып жүрген. 2017 жылы мамырда қайғылы оқиғаға кінәлі адам жеті жылға сотталған. Айыпталушының қорғаушылары үкімге апелляциялық шағым беріп, оны сот қабылдамай тастаған. Ноздровскаяның туыстары мен жақындары оған айыпталушы жағынан қоқан-лоқы жасалғанын, құқық қорғаушы ол жайында полицияға хабарлағанын айтады.

XS
SM
MD
LG