Accessibility links

Қазақстандық бизнесмен Марғұлан Сейсембаев Facebook желісіндегі парақшасында елден кеткенін жазды. Ол "бизнестегі бұрынғы серіктесім Ескендір Ерімбетовтің ісіне қатысты тергеуге шақыра берген соң кеттім" дейді.

10 қаңтар кешкісін жариялаған жазбасында Сейсембаев "ұзақ уақыттан бері шетелде екенін айтып, "егер өзімнің және отбасымның қауіпсіздігіне кепілдік берілсе елге оралуға дайынмын" деген.

Сейсембаевтың айтуынша, "тергеуші одан K-Mobile және «Бител» компаниялары арасындағы келісім туралы сұраған. Бұл келісімде Ерімбетов бизнес-серіктес болған".

Қамауда отырған Ескендір Ерімбетовтің туыстарының пайымдауынша, "Қазақстан билігі оны саяси себеппен қудалап жатыр".

Оқи отырыңыз: Марғұлан Сейсембаевтың екінші эмиграциясы​

"Ерімбетовтің оппозициялық саясаткерден ақша алды деп айыптау негізсіз. Оны шетелде тұратын әпкесі Ботагөз Жәрдемәліні елге қайтарып, Әблязовке қарсы куәлік бергізу үшін қамауға алды" дейді Ерімбетовтің жақтастары.

Ұлттық бюро Ботагөз Жәрдемәліні сырттай сотталған Мұхтар Әблязовтің серігі әрі кеңесшісі деп сипаттайды. Жәрдемәліге "сеніп тапсырылған бөтеннің ірі көлемдегі мүлкін ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында иеленіп кетті немесе талан-таражға салды" деген күдік бойынша 2013 жылы халықаралық іздеу жарияланған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Соғыс алдындағы оқушылар жаттығуы
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:49 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG