Accessibility links

АҚШ Ираннан қамауда отырғандарды босатуды талап етті


Ирандағы шеруді қолдау шарасы. Стокгольм (Швеция).
Ирандағы шеруді қолдау шарасы. Стокгольм (Швеция).

Ақ үй Ираннан елдегі шеру кезінде ұсталғандарды босатуды талап етті. АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі 10 қаңтарда жариялаған мәлімдемесінде Иран билігінің соңғы аптада болған шеру кезінде мыңдаған адамды қамағанына алаңдаушылық білдірген.

Мәлімдемеде АҚШ Тегераннан шеруде ұсталғандармен қатар саяси себептермен қамауда отырғандарды босатуды сұраған.

Иран билігі шеру кезінде 3700 адамның тұтқындалғанын мәлімдеген. Ал елдің жоғары рухани басшысы аятолла Әл Хаменеи елдегі оқиғаға АҚШ пен Ұлыбританияны кінәлаған.

Иранның бірнеше қаласында өткен жылдың соңында биліктің әлеуметтік, экономикалық, ішкі және сыртқы саясатына қарсы наразылық акциясы болды.

XS
SM
MD
LG