Accessibility links

Астанада төтенше жағдай жарияланды


Астана әкімі Әсет Исекешевтің шешімімен қалада төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

Әкімдік сайтында жарияланған хабарламада "табиғи жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты Астанада табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды" деп жазылған.

Әкімдік мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, сауда орындары, базарлар және құрылыс нысандарының басшыларына қызметті уақытша тоқтатуды ұсынған. Ал өрт сөндіру қызметі, жедел медициналық жәрдем, Астана қаласының ішкі істер департаменті, төтенше жағдай департаменті, коммуналдық қызметтер жұмысын жалғастыра береді.

Астанада қатты боранға байланысты мектептерге сабақ тоқтап, әуежай уақытша жабылды.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG