Accessibility links

"Уикиликс" сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассандж Эквадор азаматтығын алды. Бұл туралы Эквадор сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.

Швеция прокуратурасы 2010 жылы Ассандждың үстінен «жыныстық қылмысқа» қатысты іс қозғаған. 2012 жылдан бері Лондондағы Эквадор елшілігін паналап отырған Ассандж Швеция үкіметі өзін қолға түсірсе, АҚШ-қа экстрадициялайды деп қауіптенеді. АҚШ билігі Джулиан Ассандж НАТО-ның Ауғанстандағы және одақтастардың Ирактағы әскери операциялары туралы құпия құжаттарды жариялап, ауыр қылмыс жасаған деп санайды. Ассандж бұл айыпты жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG