Германия канцлері Ангела Меркель өзінің Христиан-демократиялық партиясы мен социал-демократиялық партиясы жаңа үкімет құру туралы келісімнің алғышарттарын жасасты. Екі тараптың келіссөзі бірнеше күнге созылып, 28 беттен тұратын құжат әзірленді.
28 беттік құжатта Франциямен тығыз қарым-қатынас орнату, Еуро одақты дамыту мәселелері, жыл сайын тек 200 мың босқын қабылдау туралы келісім бар.
Германия басылымдары бұл келісімді "жаңа үкімет құруға жасалған үлкен қадам" деп бағалады. Келіссөз әлі бірнеше аптаға жалғасады. Жаңа үкіметті Ангела Меркель басқаруы тиіс.
Германия канцлері Ангела Меркель бірнеше партиясымен коалиция құра алмаған. Бұл Германияда қайтадан парламент сайлауы өтуі ықтималдығын күшейткен.