АҚШ сауда өкілдігінің кеңсесі әлем бойынша интернетте "пираттық контент" таратушы ірі сайттардың тізімін жариялады. Бұл тізімге ресейлік "Вконтакте" әлеуметтік желісі де енгізілген. Тізімді құрастырған авторлар аталған әлеуметтік желінің авторлық құқықты қорғау мақсатымен "пираттарға қарсы күресуге тырысып жатқанын" айтады.
2016 жылы "Вконтакте" әлеуметтік желісі дыбыс жазатын жетекші компаниялармен лицензиялық келісімге отырып, музыка тыңдау ережесін өзгерткен. Бірақ осы тәрізді оң өзгерістерге қарамастан "Вконтакте" әлеуметтік желісінде заңсыз іс-әрекеттер әлі күнге жалғасып отыр. АҚШ сауда өкілі Роберт Лайтхайзер АҚШ кино индустриясының мәліметтеріне сілтеме жасап, "Вконтакте" желісі ай сайын мыңдаған пираттық файл орнатылады дейді. Бұл туралы "Америка дауысы" хабарлады.
Әлемдегі ірі пираттық" ресурстарға жатқызылғандардың арасында ресейлік Rutracker.org, Rapidgator.net торрент-трекерлері мен kinogo.cc онлайн-кинотеатры бар.