Accessibility links

Улан-Удэде 133 адам астан уланған


Улан-Удэ қаласының көрінісі.
Улан-Удэ қаласының көрінісі.

Ресей құрамындағы Бурятия республикасының астанасы Улан-Удэ қаласындағы кафелердің бірінде астан адамдар жаппай уланып қалған. Жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 9-дағы дерек бойынша, зардап шеккендер саны 133 адамға жеткен. Ауруханаға түскен 64 адамның 12-і – балалар деп хабарлады Бурятия ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі.

Әуелгіде 57 адамнан сальмонеллез ауруының белгілері анықталғаны хабарланған, дәрігерлер олардың денсаулық жағдайын орташа ауыр дәреже деп бағалаған. "Роспотребнадзор" мекемесінің аймақтағы бөлімі жергілікті кафедегі санитарлық талаптардың өрескел бұзылуы тамақтардың ластануына себеп болған деген қорытынды жасаған. Кафенің жұмысы уақытша тоқтатылып, полиция адамдардың жаппай улануы оқиғасының жай-жапсарын тексеруге кіріскен.

"Әзірше құқықтық шешім қабылданған жоқ, сараптама жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы алдағы сейсенбі-сәрсенбі күндері белгілі болмақ. Тергеу комитеті қылмыстық іс ашады" деп хабарлады аймақ ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

XS
SM
MD
LG