Accessibility links

Павлодарда жолаушылар мінген трамвай өртенген


Бүгін Павлодар қаласында жолаушылар тасып бара жатқан трамвай өртенген. Жергілікті pavlodarnews.kz басылымының хабарлауынша, төтенше оқиға таңертеңгі сағат 8:12 кезінде болған.

Қаладағы "Трамвай басқармасы" акционерлік қоғамы баспасөз хатшысы Тимофей Голевтің айтуынша, Кутузов пен Толстой көшелерінің қиылысында жолаушылар мінген трамвайда өрт шыққан.

"Жолаушылар өрт тұтанған қоғамдық көліктен шығып үлгерген, трамвайда қанша жолаушы болғаны белгісіз, ешкім зардап шекпеген. Түгелдей өртенген вагонды депоға тіркеп алып кеткеннен кейін сағат 9:20 кезінде трамвай желісіндегі қозғалыс қалпына келтірілген. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының тұйықталуы салдарынан шыққан болуы ықтимал. Оның себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды" деп хабарлаған "Трамвай басқармасы" АҚ өкілі.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, өрттің аумағы 30 шаршы метрді құраған.

XS
SM
MD
LG