Accessibility links

Прокуратура киевшіл белсендіге 5 жыл сұрады


Қырымдағы сот ғимараты алдында тұрған киевшіл белсенді Владимир Балух.
Қырымдағы сот ғимараты алдында тұрған киевшіл белсенді Владимир Балух.

Ресей басып алған Қырымның облыстық прокуратурасы киевшіл белсенді Владимир Балухқа бес жыл және бір ай түрме жазасын сұрады. Оған "қару және жарылғыш зат сақтады" деген айып тағылған.

Қаңтардың 15-інде өткен сот отырысындағы соңғы сөзінде Балух саяси астары бар екенін айтып, айыпты мойындамады.

"Жаңа отанды (Ресей) ешқашан сүйдіре алмайды" деді Балух соңғы сөзінде.

Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан кейін түбекте тұратын Владимир Балух үйінің шатырына Украина туын іліп, Ресей паспортын алудан бас тартқан. 2016 жылдың соңында Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі Балухты ұстап, "үйінің шатырында оқтар мен тротил құтыларын сақтаған" деген айып таққан.

2017 жылдың тамызында сот белсендіні үш жыл жеті айға бас бостандығынан айыруға үкім еткен. Бірақ апелляциялық шағымнан кейін оның ісі қайта қарау үшін жаңа құрамдағы сотқа жолданған.

Балухтың адвокаты мен құқық қорғаушылар белсенді ұстанымы үшін қуғынға ұшырады деп санайды. Балухтың өзі тергеу абақтысында оны ұрып-соғып, қатыгездік танытқаны туралы бірнеше рет мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG