Accessibility links

Назарбаев Трампқа "территориялық тұтастықты қолдағанына" алғыс айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп. Вашингтон, 16 қаңтар 2018 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп. Вашингтон, 16 қаңтар 2018 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трампқа Вашингтон Қазақстанның территориялық тұтастығына қолдап келгені үшін алғыс айтты. 16 қаңтарда өткен брифингте Назарбаев «Тәуелсіздігіміз бен территориялық тұтастығымызға саяси қолдау білдіру Қазақстан үшін қашан да маңызды болған. Қазақстан 26 жыл бойы Американың досы болып келеді» деді.

Назарбаев территориялық тұтастық туралы пікірін көп тарқатпады. Бірақ Ресей Украинаның Қырым түбегін аннексиялап алғалы бері Астана Кремльдің постсоветтік елдерге қатысты сыртқы саясатына сақсына қарап отыр. Елде этникалық қазақтардың үлесі басым болғанымен орыс диаспорасы тұрғындардың 20 пайызына жуық.

Екі президент Ақ үйдің Овал офисінде өткен келіссөзде негізінен аймақтық қауіпсіздікті, экономикалық мәселелер мен екі жақты қарым-қатынасты талқылады.

Трамп – Назарбаев Қазақстанды тәуелсіздік алғалы бері (26 жылдан астам) басқарған уақытта кездескен АҚШ-тың бесінші президенті.

XS
SM
MD
LG