Accessibility links

Сұлтанов: Баку БЖЗҚ қаржысын 15 жылда қайтарады


Бақыт Сұлтанов, Қазақстан қаржы министрі.
Бақыт Сұлтанов, Қазақстан қаржы министрі.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов сәрсенбіде парламентте Қазақстан Әзербайжандағы дефолт болған банк облигацияларын алу үшін салған ақшасының неігзгі бөлігін қайтарып алатынын мәлімдеді.

2014 жылы қазанда Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнентақы қоры (БЖЗҚ) 71,3 миллиард теңгеге (ол кездегі доллар бағамы бойынша 250 миллион доллар) Халықаралық Әзербайжан банкінің (ХӘБ) бағалы қағаздарын алған. 2017 жылы мамырда ХӘБ-ның дефолт болғаны хабарланған. Қазақстан Ұлттық банкі кейін бұл банкке салған қаржыны «барынша оңтайлы түрде» қайта құрылымдау туралы келісім жасалып жатқанын мәлімдеген.

«Қаржымыздан айырылып қалдық деуге болмайды. Иә, айырмашылық болады, бірақ негізгі соманы жоғалтқан жоқпыз» деді Сұлтанов. Ол ХӘБ-ның Қазақстанға қарызын қайтару мерзімі 15 жылға ұзартылғанын және алынған облигациялардың Әзербайжанның дербес облигацияларына айырбасталғанын айтты. «Бұл қағаздар өтімді саналады» деді Сұлтанов мәжілістің пленарлық отырысында.

XS
SM
MD
LG