Accessibility links

Павлодар облысында жүк пойыздары соқтығысты


Рельстен шығып кеткен жүк пойызы (Көрнекі сурет).
Рельстен шығып кеткен жүк пойызы (Көрнекі сурет).

Павлодар облысында жүк вагондары соқтығысып, үш вагон аударылды және бірнешеуі рельстен шығып кетті деп хабарлады бейсенбіде «Қазақстан теміржолы – жүк тасымалы» комапаниясына сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер хабарлады.

Оқиға 18 қаңтар күні сағат 6:45-те Транзитная станциясында болған.

«14 вагон тіркелген жүк пойызы тұрақтан қозғалып кетіп, басқа пойызбен соқтығысқан. Салдарынан бір пойыздың үш вагоны жанына аударылып, екіншісінің төрт вагоны рельстен шығып кеткен» деп хабарлады компания.

Болжам бойынша, пойыз «байланыс желісінде кернеу жоғалғандықтан» қозғалып кеткен.

XS
SM
MD
LG