Accessibility links

Әкімдік: Автобуста өртенген 44 адамның мәйіті табылды


Ақтөбе облысы әкімдігі ұйымдастырған брифинг. 18 қаңтар 2018 жыл.
Ақтөбе облысы әкімдігі ұйымдастырған брифинг. 18 қаңтар 2018 жыл.

18 қаңтар Алматы уақыты бойынша түнгі 11.30-да Ақтөбе облысы әкімдігі автобустағы өртке қатысты брифинг өткізді.

Жиынға қатысқан Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Серік Төленбергеновтың айтуынша, қаза тапқан 44 адамның мәйіті табылған.

- Қаза тапқандардың денесі толық күйген, олардың кім екенін анықтау қиын. Сондықтан Ақтөбе қаласындағы мәйітханада арнайы сараптама жүргіземіз. Өрттің шығу себебі толық анықталған жоқ. Ауа райының қолайсыздығы апаттың себептерін анықтауға кедергі келтіріп жатыр. Бұл оқиға қандайда бір қылмыс емес, қайғылы жағдай. Аман қалған бес адамның айтуынша, автобус ішіне газ жайылып көбі уланып қалған. Автобус екі қабатты болған. Жолаушылар екінші қабатта отырған. Ал бірінші қабатта жүктер қойылған. Көбі сыртқа шығып үлгермеген, - дейді әкімнің өкілі.

Ал Қазақстан денсаулық вице министрі Алексей Цойдың айтуынша, жарақат алған бес адамның жағдайы бірқалыпты.

Жарақаттанғандар ауруханаға жеткізілді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:59 0:00

18 қаңтар күні сағат 10:30-да Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 километр қашықтықта Шымкент – Самара жолында жолаушылар автобусы өртеніп, 52 адам қаза тапқан. Автобуста барлығы 57 адам – 55 жолаушы мен екі жүргізуші болғаны хабарланған. Үш жолаушы мен екі жүргізуші аман қалған. Қайғылы оқиға облыс орталығы Ақтөбеден 320 километр қашықтықта болған.

Видео: Ақтөбедегі автобус апаты

Ақтөбедегі автобус апаты
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:50 0:00

XS
SM
MD
LG