Accessibility links

Тереза Мэй: Brexit жайлы басқа референдум болмайды


Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй.
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй елді Еуропа Одағы құрамынан шықпауға шақырған еуропалық саясаткерлердің ұсынысын қабылдамады. Сенбі күні германиялық Bild басылымында жарияланған сұхбатында Мэй "Brexit бойынша екінші референдум болмайды" деп мәлімдеген. Оның сөзінше, Біріккен Корольдік парламенті таңдау еркін азаматтарға берген және олар өз таңдауын жасаған.

Тереза Мэй Лондон еуропалықтармен қорғаныс, қауіпсіздік мәселелері және өзге де салалар бойынша әріптестігін жалғастыратындығына сендірген. "Біз Еуропаны тастап кеткен жоқпыз, Еуроодақ құрамынан шықтық" деген британ премьері.

Бұған дейін Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск пен Еурокомиссия жетекшісі Жан-Клод Юнкер Ұлыбританияны Еуропа Одағы құрамынан шықпауға үндеген. Қаңтардың 16-сындағы мәлімдемесінде Туск егер Лондондағы үкімет көзқарасын өзгертпесе, 2019 жылы Brexit күшіне енгеннен кейін "жағымсыз салдарға" тап болады деп ескерткен.

XS
SM
MD
LG