Accessibility links

Автобус өртінде қаза тапқандардың толық тізімі жарияланды


Самара-Шымкент күрежолы бойында Ақтөбе облысы жерінде өртенген автобус. 18 қаңтар 2018 жыл.
Самара-Шымкент күрежолы бойында Ақтөбе облысы жерінде өртенген автобус. 18 қаңтар 2018 жыл.

Өзбекстан төтенше жағдай министрлігі Ақтөбе аумағындағы автобус өртінде қаза тапқан 52 адамның аты-жөндерін жариялады.

Ал 20 қаңтарда Өзбекстан президенті Шавхат Мирзияев Сурхандарь облысындағы Термизи Хәкім кесенесіне барып, қаза тапқандарға құран бағыштады.

"Бұл қайғылы жағдай біздің халық алдында қарыздар екенімізді көрсетті. Халыққа жұмыс орындарын ашпағандықтан көптеген адамдар басқа елге жұмыс іздеп кетуге мәжбүр" деді.

Оқи отырыңыз: Автобустағы өрттен 52 адам мерт болды

Мирзияев халықты жұмыспен қамту шараларын ұйымдастыратын мекемелердің жұмысын да сынады.

Қаңтардың 18-і күні таңертеңгі сағат 10:30 шамасында Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 километр қашықтықта Шымкент - Самара тасжолында жолаушылар автобусы өртенген. Билік орындарының мәліметінше, Шымкенттен шығып Ресейдің Қазан қаласына бара жатқан автобуста болған 57 адамның 52-і қазаға ұшыраған. Құрбан болғандардың барлығы – Өзбекстан азаматтары. Тірі қалған бес адам – үш қазақстандық және екі Өзбекстан азаматын санавиациямен Ақтөбе ауруханасына жеткізген, дәрігерлер олардың өміріне қауіп жоқ деп хабарлаған.

Биліктің хабарлауынша, қазақстандық тіркеу нөмері бар автобустың иесі көлікті міндетті техникалық бақылаудан мерзімінде өткізбеген және тұрақты жолаушы тасымалдауға рұқсат беретін лицензиясы болмаған.

Автобус өртенген аймақ
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:22 0:00

XS
SM
MD
LG