Accessibility links

Түркия әскері Сириядағы күрдтерге шабуылдады


Африн аймағынан көрінген түтін. 20 қаңтар 2018 жыл.

Түркия әскерилері Сирияның Африн аймағындағы күрдтердің 153 обьектісін бомбалаған. Бұл туралы түрік әскерилеріне сілтеме жасаған халықаралық ақпарат агенттіктері хабарлады.

21 қаңтарда Түркия әскері Сирияның Африн аймағын күрдтерден босату операциясын бастаған.

Күрд өкілдері France Press ақпарат агенттігіне Түркия әскерінің шабуылынан жеті бейбіт тұрғынның мерт болғанын, олардың арасында бір бала мен екі әйел бар екенін хабарлаған. Ал Түркия әскерилері шабуыл кезінде тек күрд әскерилері өлгенін айтады.

Африндегі күрдтерге қарсы операцияны Түркия президенті Режеп Ердоғанның өзі бақылап отыр. Түркия әскери күштерінің бас штабы бұл операция "Күрдістан жұмысшы партиясын", "Демократиялық одақ" және "Халықтың өз-өзін қорғау күші" ұйымдарын құрту операциясы деп атады. Күрдтердің бұл ұйымдары Түркияда террорлық топ деп танылған.​

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG