Accessibility links

Кабулдағы шабуыл құрбандары саны 30-ға жетті


Кабулдағы шабуылға ұшыраған қонақүйден аспанға көтеріліп жатқан түтін. Ауғанстан, 21 қаңтар 2018 жыл.
Кабулдағы шабуылға ұшыраған қонақүйден аспанға көтеріліп жатқан түтін. Ауғанстан, 21 қаңтар 2018 жыл.

Ауғанстан қауіпсіздік қызметінің жоғары шенді өкілдері «Талибан» ұйымының Кабулдағы Intercontinental қонақүйіне жасаған шабуылынан қаза тапқандар саны 30 адамнан асқанын хабарлады. Олардың сөзінше, шабуыл құрбандарының саны бұдан да артуы мүмкін.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы 21 қаңтар күні түнде құрбандар арасында Қазақстанның 1978 жылы туған азаматы барын хабарлаған. СІМ өкілі қазақстандық туралы толық ақпарат бермеді.

Ауғанстан денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Вахид Маджрох қалалық ауруханаға қаза тапқан 19 адамның денесі жеткізілгенін хабарлады. Шенеуніктердің мәліметінше, құрбандар арасында 14 шетел азаматы бар. Ауғанстан қауіпсіздік органы шенеунігінің Reuters агенттігіне хабарлауынша, құрбандар саны кем дегенде 30 адамға жетті. Олардың арасында қонақүй қызметкерлері, қонақүйге келушілер және қауіпсіздік қызметкерлері бар. Кейбір ақпараттарға қарағанда, құрбандар саны 40 адамға жуықтайды. Бұған дейін билік қауіпсіздік күштері шабуыл жасаған алты адамның көзін жойғанын хабарлаған болатын. Бірақ кейбір ақпарат бойынша, шабуылды бес адам жасаған.

Шетелдегі терактілерде зардап шеккен қазақстандықтар.
Шетелдегі терактілерде зардап шеккен қазақстандықтар.

Кабулдағы көбінесе шетелдіктер түсетін қонақүйге шабуылды әскери формада киінген бір топ содыр 20 қаңтар күні кешке бастаған.Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Наджиб Даниш қонақүйдегі арнайы операция кезінде 150-ден астам адам, оның ішінде 41 шетел азаматының құтқарылғанын, кейбірінің өз бетінше қашып шыққанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қаза тапқан 14 шетелдіктің 11-і ауғандық жеке меншік Kam Air әуе компаниясының қызметкерлері.

Шабуылды «Талибан» ұйымы мойнына алды. Күзеті мықты саналатын бұл қонақүйге шетелдіктер мен ауған шенеуніктері жиі түседі.

ВИДЕО: Кабулдағы қонақүйге шабуыл (21.01.2018)

Кабулда қонақ үйге шабуылдан ондаған адам мерт болды
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:58 0:00

XS
SM
MD
LG