Accessibility links

ЕО Панаманы "қара тізімнен" шығарды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Еуропа Одағы елдерінің қаржы министрлері офшор аймақтарының "қара тізімінен" сегіз елді сызып тастады. Панама, Тунис, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірліктері, Макао, Монғолия, Барбадос пен Гренада ЕО заңдарын бұзбайтын елдер мен аймақтардың "сұр тізіміне" енгізілді.

Екінші тізімге енген елдер мен қытайлық Макао аймағынан салық тазалығын арттыру мен салықтан жалтаратындар жайлы ЕО-ға дерек беру талап етіледі.

Былтыр желтоқсанда ЕО 17 офшордан тұратын елдер мен аймақтар тізімін бекіткен. Тізімдегі елдерге әртүрлі қаржылық санкциялар пайдаланылуы мүмкін еді. Ал сол кездегі "сұр тізімде" 47 ел бар болатын.

2016 жылдың көктемінде Ұйымдасқан қылмыс және жемқорлықты зерттеу орталығы (OCCRP), Журналисттік зерттеулердің халықаралық консорциумы (ICIJ), WikiLeaks пен халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары "Панама құжаттарын" жариялаған. Бұл зерттеулерде Ресей, Украина, Ұлыбритания және тағы басқа елдердегі жемқорлық жайында жазылған. Баяндама авторлары Ресей президенті Владимир Путинге жақын адамдардың "күмәнді жолмен" табылған екі миллиард доллардан астам ақшаны Панамадағы офшорлық компаниялар мен "Россия" банкі арқылы жымқырғанын айтқан. Кремль зерттеуге байланысты жауап беруден бас тартқан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Офшор дауында Мыңбаев пен Атамқұлов аталды

Қаржы министрлігі: "Офшордағы қазақстандықтарды" тексеріп жатырмыз

«Панама архивінде» Дариға Назарбаеваның аты жүр

Атышулы "Панама құжаттарында" бірқатар Қазақстан шенеуніктері мен кәсіпкерлерінің аты-жөндері аталған.

XS
SM
MD
LG