Accessibility links

Кабулдағы шабуылдан бірнеше АҚШ азаматы мерт болған


Кабулдағы шабуыл жасалған қонақүй алдында күзетте тұрған ауған сарбазы. Ауғанстан, 21 қаңтар 2018 жыл.
Кабулдағы шабуыл жасалған қонақүй алдында күзетте тұрған ауған сарбазы. Ауғанстан, 21 қаңтар 2018 жыл.

АҚШ Мемлекеттік департаменті 21 қаңтарда Кабулдағы Intercontinental қонақүйіне жасалған террорлық шабуыл құрбандары арасында АҚШ азаматтары болғанын ресми түрде растады.

Шабуыл кезінде ғимаратта Германия, Грекия, Украина және Қазақстан азаматтары болғаны бұған дейін хабарланған еді.

Мемлекеттік департамент қызметкері терактіден нақты қанша америкалық қаза тапқанын айтпады. Дегенмен, Associated Press агенттігі Ауғанстан астанасындағы шабуылдан бірнеше америкалық қаза тапқанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Кабулдағы шабуылда Қазақстан азаматы мерт болды

Агенттіктің хабарлауынша, террорлық шабуылдан 22 адам қаза тапқан, олардың 14-і - шетел азаматы.

XS
SM
MD
LG