Accessibility links

Мұхтар Зиманов түрмеден шартты түрде мерзімінен бұрын босады


Түрмеден мерзімінен бұрын босатылған Мұхтар Зиманов. Астана, 25 қаңтар 2018 жыл.
Түрмеден мерзімінен бұрын босатылған Мұхтар Зиманов. Астана, 25 қаңтар 2018 жыл.

Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы Жанна Зиманованың Астананың Алматы аудандық соты күйеуі Мұхтр Зимановты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы 2017 жылдың 27 желтоқсанында шығарған шешімін жою туралы шағымын орындау туралы қаулы шығарды.Апелляциялық сот 24 қаңтарда шығарған қаулысында 67 жастағыМұхтар Зимановты босатуға шешім шығарған.Бұл жайында бейсенбіде Азаттыққа Мұхтар Зимановтың өзі хабарлады. Ол кешеден бері бостандықта екенін, қазір өзі отырған түрмеге босатылғанына құжаттарын реттеу үшін бара жатқанын айтты. Зиманов түрмеде алты жыл отырған.

Астана сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының отырысына Мұхтар Зимановтың қоғамдық қорғаушысы Жанна Зиманова және адвокаты қатыспаған.Ал одан бір күн бұрын, 23 қаңтар күні кешке Алматыда болған Жанна Зиманова өзін жайсыз сезініп, 24 қаңтарға белгіленген сотты басқа күнге ауыстыруды сұраған. Бірақ Зиманованың айтуынша, сот өзіне жауап бермей, шағымын қарай берген.

Мұхтар Зиманов әйеліЖанна Зиманова мен адвокаттары Нұрлан Өстеміров және Тагир Сисинбаев Алматыда баспасөз конференциясын өткізген күннің ертесінде босатылып отыр.Зиманова конференцияда алғашқы сот инстанциясының күйеуін шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тарту шешімі негізсіз және заңсыз екенін мәлімдеген.

Жанна Зиманованың Азаттыққа айтуына қарағанда, кешегі сотқа Мұхтар Зимановты конвоймен жеткізілгенімен, сот отырысына қатыстырмаған.

Мұхтар Зиманов 2013 жылы алаяқтық жасады және пара беруге оқталды деп айыпталып, 13 жылға сотталған. Жоғары сот инстанциясы бұл мерзімді 12 жылға дейін азайтқан. Кейін Қазақстан президенті жанындағы комиссия Зимановтың рақымшылық жасау туралы өтінішін қарап, оған рақымшылық жасаудан бас тартқанымен, жаза мерзімін 9 жылға дейін азайтқан. Осылайша, Зиманов осы кезге дейін жаза мерзімінің үштен екісін өтеп, заң бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу құқығына ие болған.

Оқи отырыңыз: «Мұхтар Зиманов» ісі бойынша сотталғандар

Мұхтар Зиманов Астана маңындағы қатаң режимдегі ЕЦ-166/10 колониясында жазасын өтеді. Мұхтар Зиманов танымал заңгер, академик Салық Зимановтың ұлы болғандықтан және оның кейбір шәкірттері Қазақстандағы заң шығару орындарында жауапты қызмет атқаратындықтан оның ісі бойынша сот процесі қоғамда резонанс тудырған. «Мұхтар Зиманов ісінің» бұған қоса «Қорғас ісімен» жанама байланысы да бар делінген. Тергеу мәліметінше, Зиманов «Қорғас» кеденіндегі жемқорлық ісі бойынша сотталушылардың бірін заңсыз босатуға көмектеспекке уәде берген. Сотталушылар мен олардың адвокаттары Зимановқа қарсы істі «қолдан жасалған» деп біледі.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG