Accessibility links

Қырымда екі белсендіні тұтқындады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей аннексиялап алған Қырымда жергілікті белсенділер Энвер Крош пен Эбазер Ислямов тұтқындалды. «Крымская солидарность» қозғалысының хабарлауынша, олардың Джанкое және Нижнегорский аудандарындағы үйлерінде тінту жүргізілді.

Күш құрылымдары Крошты нацистік символды насихаттады деп айыптап, 10 тәулікке қамады. Құқық қорғаушы Эмиль Курбединов Facebook-те Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) өкілдері 2015 жылы белсенді өздеріне жұмыс істеуден бас тартқаны үшін оны электрошокпен қинап, азаптағанын жазды.

Ислямов полиция бөлімінде денсаулығы нашарлап, оған жедел жәрдем қызметін шақырды.

Ресей 2014 жылы наурызда Қырымды аннексиялап алғаннан кейін Ресей арнайы қызметі Қырым татарларының белсенділерін ұдайы тінтіп, тұтқындай бастаған. Белсенділерге негізінен экстремизм мен терроризмге қатысты айыптар тағылады. Бірақ құқық қорғаушылар ол айыптарды ойдан шығарылған және саяси астары бар деп санайды.

XS
SM
MD
LG