Accessibility links

Донбаста ұсталған ресейлік сарбаз сотталды


Виктор Агеев.
Виктор Агеев.

Украина соты ресейлік Виктор Агеевті терроризм қылмысын жасады және қару сақтады деп айыптап, 10 жылға соттады. Бұл туралы Виктор Агеевтің адвокаты Виктор Чегуз хабарлады. Прокурорлар бұған дейін Агеевті 12 жылға соттап, мүлкін тәркілеуді сұраған. Адвокат жазаны тым қатаң деп санайды және оған шағымданбақ.

Агеевті украин әскерилері 2017 жылы 24 мусымда өзін-өзі жариялап алған «Луганск халық республикасының» территориясында ұстаған. Ол Ресей армиясында қызмет етуге келісім-шарт жасасқанда өзін Донбасқа жөнелткенін мәлімдеген.

Ресей қорғаныс миинстрлігі Агеев әскерде болды деген ақпаратты жоққа шығарады. Министрліктің мәлімдеуінше, Агеев 2016 жылдың мамырында запасқа шыққан. Агеевтің анасы Светлана Агеев Ресей мен Украина билігіне ұлына рақымшылық жасауды сұрап бірнеше рет қайырылған.

XS
SM
MD
LG