Accessibility links

Мәскеуде Навальный кеңсесіне барған полиция бірнеше адамды ұстады


Оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың "Жемқорлықпен күрес" қорының кеңсесінде жұмыс істе отыр. Мәскеу, 16 қаңтар 2018 жыл.

Ресейде бүгін өтіп жатқан "Сайлаушылар ереуілі" бүкілресейлік қарсылық акциялары туралы тікелей хабар жүргізіп отырған Мәскеудегі оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың "Жемқорлықпен күрес" қорының кеңсесіне полиция қызметкерлері барған. Бұл туралы ұйымның директоры Роман Рубанов хабарлады.

Полиция өкілдері кеңсе мен тікелей эфирде Навальный LIVE жаңалықтар хабары жүріп жатқан студияға кіретін есікті арамен кесіп ашқан. Олар "жарылғыш зат" туралы алынған хабарға байланысты кеңседегі адамдар "қауіпті орыннан" эвакуацияланатыны туралы жариялаған. Полицейлер тікелей эфир жаңалықтарын жүргізіп отырғандардың бірін "бомба қоюға" қатысты айыптады деп хабарлады Рубанов хабарлады. Twitter әлеуметтік желісінде.

Оның сөзінше, кеңсеге келген полиция өкілдерінің арасында Ресей ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы күрес бойынша орталығының қызметкерлері бар. "Жемқорлықпен күрес" қоры кеңсесіндегі хабар жүргізушілер мен заңгерлерді полиция бөліміне алып кеткен. Соған қарамастан, Навальный LIVE тікелей эфир хабары, болжам бойынша, басқа ғимараттан жалғасып жатыр. Сірә, тікелей эфирді ұйымдастырушылар оқиғаның осылайша өрбуі мүмкін екенін алдын ала ескеріп, оған дайындалған тәрізді.

Бұған дейін өткен жылы 26 наурызда және 12 маусымда Навальныйдың бастамасы бойынша өткізілген бүкілресейлік қарсылық акциялары кезінде де полиция оппозиционердің жақтастары тікелей эфир жүргізіп отырған "Жемқорлықпен күрес" қоры кеңсесіне келген. Екі жолды да техниканы алып кеткеннен кейін тікелей эфир хабары үзіліп қалған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG