Accessibility links

Астана Кабулдағы терактіні айыптады


Жарылыс болған жерде зардап шеккендерге жәрдем көрсетіп жүрген адамдар. Кабул, 27 қаңтар 2018 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі 2018 жылғы 28 қаңтарда Ауғанстан астанасы Кабулда болған "адамгершілікке жатпайтын, ондаған бейбіт адам қаза болған, террористік әрекетті қатаң айыптайтыны" туралы мәлімдеме таратты.

"Жедел жәрдем көлігін қылмыстық мақсатқа пайдалану – аса жан түршігерлік, арсыз және зұлымдық əрекет. Қазақстан Ауғанстан халқы жеткілікті түрде зорлық-зомбылықты басынан кешкенін мәлімдей отырып, халықаралық қоғамдастықты өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мен алдын алу дипломатиясы құралдарын тиімді пайдалану арқылы осы елге қолдау көрсетуге тағы да шақырады" делінген мәлімдемед.

Сонымен бірге Қазақстан Кабулдағы шабуылдан қаза тапқандардың отбасылары мен туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін білдірген.

Сенбі күні Кабулдың орталығында үкімет ғимараттары, шетелдік елшіліктер мен дүкендер орналасқан жерде болған террорлық шабуылдан мерт болғандар саны, ресми өкілдердің мәліметі бойынша, 95 адамға жеткен. 190 адам жарылыстан зардап шеккен.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, терроршылар тексеру-бақылау бекеттерінен өтіп кету үшін жедел жәрдем көлігін пайдаланған. Куәгерлердің сөзінше, жарылыс толқыны оқиға болған жерден жүздеген метр алысқа дейін сезілген.

"Талибан" радикалдық қозғалысы жарылысқа жауапкершілікті алатынын мәлімдеген.

Бұған дейін 21 қаңтарда Кабулдағы Intercontinental қонақүйіне жасалған террорлық шабуыл салдарынан қаза тапқан 25 адамның 14-і шетелдіктер. Олардың арасында Украинаның алты азаматы және бір қазақстандық бар. Ол шабуылға да жауапкершілікті "Талибан" қозғалысы өзіне алған болатын.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Қазақстанда медицина сапасы қандай?
please wait

No media source currently available

0:00 0:14:41 0:00
XS
SM
MD
LG