Accessibility links

Трамп жыл сайынғы баяндамасына дайындалып жатыр


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп келесі аптада алғаш рет Конгресте жасайтын жыл сайынғы баяндамасында экономика, ұлттық қауіпсіздік, сауда және иммиграция тақырыптарын қозғайды. Бұл туралы Ақ үйдегі жоғары лауазымды шенеунікке сілтеме жасап Reuters хабарлады.

Агенттік мәліметінше, президент салық реформасын, сонымен бірге өзі қызметке кіріскен бір жылдың ішінде экономика саласындағы жетістіктер туралы айтпақшы. Аты-жөні аталмаған шенеуніктің сөзінше, Трамп инфрақұрылымды қалпына келтіруге 1,7 триллион доллар бөлмек ниетте.

АҚШ президентінің жыл сайынғы дәстүрлі баяндамасы қаңтардың 30-ына белгіленген. Бұл Трамптың қазіргі қызметіне кіріскелі бері алғаш рет жасайтын жыл сайынғы баяндамасы болмақ. Өткен жылы ол инаугурация кезінде өз бағдарламасын жария еткен. Биыл қаңтардың 26-сы күні Давостағы әлемдік экономикалық форумдағы сөзінде Трамп Америкада инвестиция мен бизнес жүргізуге "ең жақсы сәт" туғаны жайлы мәлімдеген. Бұған қоса ол тұрғындардың түрлі топтары арасында жұмыссыздықтың соңғы 50 жылдағы рекордтық төмендеуі туралы айтып, өз бастамасы бойынша іске асырылып жатқан салық реформасы мен бизнес жүргізу ережесінің жеңілдетілгендігіне назар аударған.

XS
SM
MD
LG