Accessibility links

Мәскеу әуежайында Навальныйдың жақтастары ұсталды


Алексей Навальный Мәскеудегі қарсылық акциясында. 28 қаңтар 2018 жыл.
Алексей Навальный Мәскеудегі қарсылық акциясында. 28 қаңтар 2018 жыл.

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш пен YouTube-те «НавальныйLive» арнасын жүргізетін Руслан Шаведдиновті полиция тұтқындады. Оларды Даниловский ішкі істер бөліміне апарды. Шаведдиновтің Twitter-де хабарлауынша, полиция бөлімінде өздерін сот басталғанға дейін ұстамақ.

Ярмыштың айтуынша, Шаведдинов екеуін Ресейге оралған бетте ұстап, әуежайда куәлердің көзінше жеке тексерген.

28 қаңтар күні Кира Ярмыш пен Руслан Шаведдинов «НавальныйLive» эфирінде «сайлаушылар ереуілінен» 10 сағаттан астам уақыт тікелей эфир жүргізген. Осы кезге дейін тікелей эфир видеосын бір жарым миллион адам көрген.

28 қаңтар күні Ресейдің ондаған қаласында «сайлаушылар ереуілі» өткен. Акцияға мыңдаған адам қатысқан. Акцияны ұйымдастырған Алексей Навальныйды Мәскеуде полиция қызметкерлері ұстап, кейін полицияға қайта келуге міндеттеп, босатып қоя берген.

Видео: Ресейде сайлаушылар ереуілге шықты (29.01.2018)

Ресейде сайлаушылар ереуілге шықты
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:02 0:00

XS
SM
MD
LG