Accessibility links

Мәскеу мен Петербургте "сайлаушы ереуіліне" жүздеген адам шықты


Оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың жақтастары "Сайлаушылар ереуілі" қарсылық акциясында. Мәскеу, 28 қаңтар 2018 жыл.

Бүгін Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында "Сайлаушылар ереуілі" қарсылық акциясына жүздеген адам шықты. Полиция шараның заңсыз екенін ескертіп, оған қатысушыларды тарауға шақырған. Әзірше наразылыққа шыққандардың жаппай ұсталғаны туралы хабар түскен жоқ.

Мәскеудегі наразылық акциясына оны ұйымдастырушы, оппозициялық саясаткер Алексей Навальный да шықты. Полицияны Тверь көшесімен келе жатқан оппозиционерді және жанындағы бірнеше адамды ұстап, көлікке салған.

Жексенбі күні таңертеңнен бері Ресейдің ондаған қаласында "Сайлаушылар ереуілі" акциясы өтті. "ОВД-Инфо" порталының мәліметі бойынша, елде 28 қаңтар күні наразылық шеруіне қатысқандардан жалпы саны 100-ге жуық адам ұсталған.

AzattyqTV

Күре жол мал базарға айналатын күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG