Accessibility links

Сарапшы: "Кремль тізімінің" алғашқы нұсқасы өзгертілген


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Экономист, Шығыс Еуропа елдері бойынша маман, Атлантика кеңесінің сарапшысы Андерс Ослунд «Кремль есебінің» дайын болып қалған соңғы сәтте өзгертілгенін мәлімдеді. Оның мәлімдемесі Атлантика кеңесінің сайтында жарияланды.

Ослундтың айтуынша, «Кремль есебінің» алғашқы нұсқасында заңсыз жолмен – Кремльмен байланыс орнату арқылы байыған бизнесмендер енгізілуі тиіс болған. Бірақ соңғы минутта әлде бір жоғары шенді шенеунік сарапшылардың барлық жұмысын ысырып тастап, орнына Ресей президенті әкімшілігі мен үкіметіндегі жоғары шенді шенеуніктерді және Forbes тізіміндегі 96 ресейлік миллиардерді қосқан.

АҚШ президенті Дональд Трамп 2017 жылы 2 тамызда Ресейдің АҚШ-та 2016 жылы өткен президент сайлауына киліккеніне жауап ретінде Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтетін заңға қол қойған.

30 қаңтарда АҚШ Қаржы министрлігі Ресей президенті Владимир Путинге жақын адамдардың «Кремль есебі» тізімін жариялаған. Құжатқа болашақта санкция салынуы мүмкін деген есеппен барлығы 210 адам енгізілген. Олардың арасында Ресей үкіметі мен президент әкімшілігініңөкілдері, мемлекеттік корпорациялардың, күш құрылымдарының басшылары мен олигархтар бар. Ослундтың пікірінше, бұл тізім «сәтті шықпаған».

Ресей президенті Мәскеу «Кремль тізімінің» жариялануын «жаулық пиғыл» деп қабылдайтынын, бірақ АҚШ-пен қарым-қатынасты нашарлатқысы келмейтіндіктен жауап шара қолданбайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG