Accessibility links

Үш прокурор қызметінен босап, бірнешеуі жауапқа тартылды


Алматы қаласының прокуратурасы (Көрнекі сурет).
Алматы қаласының прокуратурасы (Көрнекі сурет).

Алматы қаласының прокуроры мен Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстары прокурорларының орынбасарлары қызметінен алынып, бірнеше облыстың прокуроры тәртіптік жауапқа тартылды деп хабарлады 31 қаңтарда Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бас прокуратура ақпаратына қарағанда, 26 қаңтар күні бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысы өтіп, «қылмыстық және азаматтық процестерде, жазаны атқару саласында және жазаны орындау өндірісінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуде кемшіліктер бары» анықталған. Бұл кемшіліктер бас прокуратураның тәртіптік кеңесінде қаралған.

Осыған байланысты Алматы прокуроры Ғабит Миразов «тәртіптік теріс әрекет жасағаны үшін», Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Д.Н. Сыздықов пен Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары А.А. Қожахметов қадағалау қызметін тиісті түрде ұйымдастырмағаны», «қылмыстық процесте жүйелі түрде заң бұзылғаны үшін» қызметінен босатылған.

Сонымен қатар Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының прокуоролары мен тағы бірнеше облыс прокурорларының орынбасарлары түрлі тәртіптік жауапқа тартылған.

XS
SM
MD
LG