Accessibility links

Мирзияев Иноятовты өзіне кеңесші етіп тағайындады


Рустам Иноятов, Өзбекстан президентінің саяси-құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік кеңесшісі.

Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің (ҰҚҚ) орнынан алынған басшысы Рустам Иноятов президенттің саяси-құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент Шавкат Мирзияев Рустам Иноятовты жаңа қызметке 31 қаңтарда тағайындаған.

ҰҚҚ-ны 23 жылға жуық уақыт басқарған 73 жастағы Рустам Иноятовтың орнынан алынғаны 31 қаңтарда мәлім болған. Оның орнына осыған дейін бас прокурор қызметін атқарған Ихтиер Абдуллаев тағайындалған.

Өзбекстан үкіметіндегі бірнеше дереккөзі мен үкіметке жақын адамдар бұған дейін Азаттықтың Өзбек редакциясына Иноятов 25 қаңтар күні отставкаға кету туралы президентке өтініш білдіргенін хабарлаған еді.

Рустам Иноятов экс-президент Ислам Каримов 2016 жылы қайтыс болғаннан бері қызметінен ауыстырылмаған жоғары шенді аз ғана шенеуніктің бірі болған еді. Иноятов басқарған 23 жылға жуық уақытта Ұлттық қауіпсіздік қызметі Өзбекстандағы ең жабық және құзыреті жоғары құрылым болды.

AzattyqTV

AzatNews 25.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:17:09 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG