Accessibility links

Oxford Global Languages жобасына татар тілі қосылды


Қазан қаласындағы татар тілі сабағы (Көрнекі сурет).
Қазан қаласындағы татар тілі сабағы (Көрнекі сурет).

Оксфорд сөздігін құраушылар өздерінің Oxford Global Languages (OGL) тілдік жобасына татар тілін қосты. Татар тілі – OGL жобасына қосылған алғашқы түркі тектес тіл болып отыр. Жобаның онлайн сөздігі татарша сөзді ағылшын тіліне жедел аударады.

Oxford Dictionaries редакциясының директоры Джуди Пирсалл 31 қаңтарда таратқан мәлімдемесінде татар тілінің «тарихы бай және орта ғасыр, тіпті одан да арыдан қолданылып келе жатқан» тіл екенін айтады.

«Татар тілінде сөйлейтіндердің энтузиазмі мен білімін бір жерде тоғыстыру тілдік ортаның дамуын қолдауға мүмкіндік тудырады» деді Пирсалл. Жоба таратқан хабарламада Қазан қаласындағы Лев Толстой атындағы филология институтының профессоры Гүлшат Сафиуллинаның сөзі келтірілген. Сафиуллина онлайн сөздік татар тілі мен мәдениетін бүкіл әлемге таныстыратынын айтқан.

2015 жылы қыркүйекте басталған OGL Oxford Dictionaries-дің жобасы саналады. Жоба әлемдегі 100-ге тарта тілге арнап лексикографиялық және тілдік ресурстар құруды және оған онлайн арқылы қол жеткізуді мақсат тұтады.

XS
SM
MD
LG