Accessibility links

Чехияда Қырым Ресей территориясы ретінде белгіленген мектеп картасы сатылмайтын болды. Бұл шара Украина наразылығынан соң қолға алынды.

«Ресей құрамындағы Қырымға» қатысты жағдайды былтыр қарашада Украинаның Чехиядағы елшісі Евгений Перебийнис байқап, картаны басып шығаратын компаниядан оның мән-жайын сұраған. Елшінің Facebook-те жазуынша, компания Украина елшілігінен кешірім сұрап, қатесі бар картаның қолданыстан шығарылғанын хабарлаған.

Чехияның таяуда қайта сайланған президенті Милош Земан Ресейге Қырымды аннексиялап, Украина шығысындағы сепаратистерді қолдағаны үшін салынған санкцияны жою керегін айтқан. Земан аннексияны «болары болып қойған іс» деп, Киевке Мәскеумен Қырым түбегі үшін өтемақы өдіру туралы келіссөз жүргізуге шақырған.

«Қырымсыз Украина» картасына қатысты дау былтыр Қазақстанда да болған. Былтыр маусымда Украинаның Қазақстандағы елшілігі Астана орталығында тұрған инсталляциялардағы глобустарда Ресей картасы 2014 жылы Мәскеу аннексиялап алған Украинаның Қырым түбегімен берілгеніне наразылық білдірген. Ресми Астана мәселені "саясиландырмауға" шақырған. Ал карта контуры сызылған фигуралар алынып тасталған.

2015 жылы Қазақстандағы мектептегі тарих және география оқулықтарында Қырым «Ресей аумағы» деп көрсетілген еді. Бұған Украина елшілігі наразылық білдіріп, Қазақстан билігінен даулы оқулықтарды мектептен дереу қайтарып алуды талап еткен.

AzattyqTV

Сайлау туралы заңда не өзгеріс бар?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:23 0:00
XS
SM
MD
LG