Қазақстан мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Партия төрағасы саналатын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедке атқарған істері үшін алғыс айтты. Құл-Мұхаммед сенат депутаты болып сайланды.
Әшімбаев 1993 жылдан бері ақпарат министрлігінде, президент әкімшілігінде, мемлекеттік зерттеу орталықтарында жұмыс істеген. 2012 жылдан бері "Нұр Отан" партиясының атынан мәжіліс депутаты болған.
"Нұр Отан" Қазақстандағы билік партиясы саналады. Бұл партия Парламент мәжілісіндегі көп мандатты иеленіп отыр.