Accessibility links

Қарағандыда "террорлық топқа қосылмақ болған" әйелдің соты өтіп жатыр


Көрнекі сурет. Қарағанды соты "терроризм айыптары бойынша шешім шығарып жатыр. Қарағанды, 9 желтоқсан 2016 жыл.
Көрнекі сурет. Қарағанды соты "терроризм айыптары бойынша шешім шығарып жатыр. Қарағанды, 9 желтоқсан 2016 жыл.

Қарағандының ауданаралық мамандандырылған соты "террорлық ұйым жұмысына қатысуға дайындалу" және "кәмелет жасына толмаған адамды ұйым жұмысына үгіттеу" айыбы тағылған тұрғынның ісін қарап жатыр. Тергеу ісі бойынша, "Отыз жастағы әйел ДАИШ террорлық ұйымына қосылып, өзімен бірге кәмелет жасына толмаған туысын Сирияға әкетпек болған".

Бүгін сот процесінің жарыссөз кезеңі өтті. Өзін фотоға түсірмеуді сұраған күдікті Жансая Т. тағылған айыптарды мойындамайды. Сотталушының айтуынша "күйеуі және тағы басқа бірнеше адамға жапа шектірген әлдебір содырды ұстау үшін оған Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің (ҰҚКД) қызметкерлері ұсыныс" жасаған.

- Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкері мені күйеуімнің ұсталуына себеп болған адамның сеніміне ие болуға көндіруге тырысты. Мені үш қаланың комитет қызметкерлері аңдыды, үгіттеді. Мұны тоқтату үшін айтқандарына көндім. Әлгі адамды тауып, ұстап беруге бел будым. Жолға шығарда мені ұстап алды, - деді сотталушы жарыссөзде.

Прокурор сот төрағасын күдіктінің "муджахедтермен сөйлесіп", оларға "медициналық көмек көрсетуге бармақ" болғанын айтып, жауаптарға "сыни қарауға" шақырды. Мемлекеттік айыптаушы соттан күдіктіге тоғыз жыл түрме жазасын кесуді сұрады.

Сот шешімі ақпанның 6-сы шығады деп белгіленді.

XS
SM
MD
LG