Accessibility links

Беларусь "Сталиннің өлімін" көрсетуге рұқсат берді


"Сталиннің өлімі" фильмінен скриншот.
"Сталиннің өлімі" фильмінен скриншот.

Беларусьтің Мәдениет министрлігі ел аумағында "Сталиннің өлімі" фильмін көрсетуге рұқсат берді. Минск кинотеатрларында фильм ақпанның 8-де шығады.

Кино Беларусьте қаңтардың 25-нен бастап көрсетіледі деп жоспарланған еді. Уақыт таяп қалғанда Мәдениет министрлігінің эксперттік комиссиясы фильмді көріп шыққаннан соң ғана прокаттық куәлік берілетін болған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Ресей мен Қазақстанда билікке жақпай қалған фильмдер

Мәскеу кинотеатры "Сталиннің өлімі" фильмін көрсетуді тоқтатты

Қаңтардың 23-і Ресейдің Мәдениет министрлігі "Сталиннің өлімі" фильмін көрсетуге тыйым салған. Ресейдің мәдениет ведомствосы мұндай шешімін фильмнен экстремизм белгілерін тауып, қаза болғандардың атына кір келтіреді деген "заңгерлер тобының" өтінішіне сілтеп шығарған.

Ресей тыйымынан кейін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда да фильм прокаты кейбір кинотеатрларда қайтарылғаны айтыла бастаған.

КӨРЕ ОТЫРЫҢЫЗ:

Жаһан жаңалықтары. Апта 26.01.2018

Жаһан жаңалықтары. Апта 26.01.2018
please wait

No media source currently available

0:00 0:15:10 0:00

Британдық режиссер Армандо Ианнуччидің "Сталиннің өлімі" комедиясы 1953 жылы СССР-дің бас хатшысы Иосиф Сталиннің өлімінен кейінгі билік үшін күрес туралы баяндайды.

КӨРЕ ОТЫРЫҢЫЗ:

Әлеуметтік желіге шолу: "Ресейге қарап, қашанғы жалтақтай береміз"

"Ресейге қарап, қашанғы жалтақтай береміз"
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:08 0:00

XS
SM
MD
LG