Accessibility links

Wall Street-те акциялар бағамы күрт төмендеді


Нью-Йорк қор биржасындағы трейдерлер (Көрнекі сурет).
Нью-Йорк қор биржасындағы трейдерлер (Көрнекі сурет).

5 ақпанда америкалық қор биржаларында акциялар бағамы күрт төмендеді. Негізгі биржа индекстерінің үштен екісінің бағамы төрт пайыздан аса құлдырады. АҚШ-та өндірілетін мұнай бағамы үш пайызға арзандады.

Америкалық ең ірі 30 компания акцияларының құнын көрсететін Dow Jones индексі 1175 пунктке немесе 4,6 пайызға түсті. Мұндай құлдырау 2011 жылдың тамызынан бері болмаған. Wall Street-те үш-төрт күн бұрынғы саудада да акциялар бағамы күрт төмендеп, салдарынан Dow Jones пен S&P 500 индекстері бұдан он күн бұрын ғана жеткен рекордтық көрсеткішпен салыстырғанда тоғыз пайызға жуық арзандады.

АҚШ қор биржаларында vұндай күрт өзгеріс соңғы екі жылда болмаған. Трейдерлердің айтуынша, дүйсенбіде биржалардағы көңіл-күй өте төмен болды.

Акция бағамдарының төмендеуі бірнеше күн бұрын, АҚШ-та жалақының күрт көтерілетіні және инфляцияның арту белгілері туралы мәліметтер пайда болған соң басталған. Бұл мәліметтерlty соң АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі несие мөлшерлемесін күткендегіден әлдеқайда күрт көтеріп жібереді де6 инвесторлардың капиталға қолжетімділігі қиындап, қор биржаларындағы бағамның өсуіне кедергі келтіреді деген болжам жасалған.

Дональд Трамп президент болғаннан бері Wall Street-тегі индекстер күрт құлдыраған соң Ақ үй АҚШ экономикасының іргетасы сенімді деген мәлімдеме таратты. Америкалық басылымдардың хабарлауынша, сарапшылардың көпшілігі Ақ үйдің мұндай мәлімдемесімен келіседі. Олар акция бағамдарының өзгеруін қалыпты құбылыс деп атайды және америкалық компаниялардың табысы артып, экономикалық өсім көтеріліп жатқанда акция бағамдары өскен көп жылғы тенденция сақталып қалады деп болжайды.

XS
SM
MD
LG