Accessibility links

ОҚО тексеру комиссиясының экс-басшысы мен бас аудиторы сотталды


Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты (Көрнекі сурет).
Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты (Көрнекі сурет).

Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты Оңтүстік Қазақстан облыстық тексеру комиссиясының бұрынғы басшысы Сырым Шалабай мен бұрынғы бас аудиторы Біржан Құдияровты 7 жылға соттады.

Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, Сырым Шабалай мен Біржан Құдияров Қылмыстық кодекстің 366-бабы («Пара алу») бойынша айыпты деп танылған. Сот экс-шенеуніктерді бас бостандығынан 7 жылға айырып, өмір бойы мемлекеттік қызмет істеуден шеттету жазасын кесті.

Сырым Шалабай мен Біржан Құдияровты 2017 жылдың шілде айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері «7 миллион теңге пара алып жатқан кезде» ұстаған.

XS
SM
MD
LG