Accessibility links

Пхенчхан олимпиадасының ашылу салтанаты өтті


Пхенчхан олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Ажғалиев ұстап шықты. 9 ақпан 2018 жыл.
Пхенчхан олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Ажғалиев ұстап шықты. 9 ақпан 2018 жыл.

9 ақпанда Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында 2018 жылғы қысқы олимпиада ойындары ресми түрде басталды. Ашылу салтанаты Пхенчхан олимпиадалық стадионында ашық аспан астында өтті.

Ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Ажғалиев ұстап шықты. Ал Ресей олимпиадалық атлеттері жарыста Халықаралық олимпиада комитеті туының астында шығып, ХОК туын еріктілердің бірі ұстап жүрді.

Атлеттер шеруінде Оңтүстік және Солтүстік Корея спортшылары бірге шығып, Корея түбегінің картасы белгіленген ақ туды екі елдің спортшысы бірге алып шықты.

Оқи отырыңыз: Олимпиада жаңалықтары

Биылғы қысқы олимпиадаға 90-нан астам елден үш мыңға жуық спортшы қатысады. Қазақстаннан 46 спортшы барған. Олимпиада 25 ақпанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG