Пхенчхан олимпиадасының 5-күні (13 ақпан) Қазақстан спортшылары жүлде ала алмады. Бұл ел қазір бір қола медальмен жалпы есепте 19-орында келеді. Қоланы фристайлшы Юлия Галышева жеңген.
Қазақстан спортшылары финалсыз қалған күн

1
Шорт-тректен 5000 метрлік командалық эстафетада Қазақстан құрамасы финалға шыға алмады. Команда мүшесі Еркебұлан Шамуханов жарыста құлап, көп уақыт жоғалтып алды.
13 ақпан 2018 жыл.
13 ақпан 2018 жыл.

2
Шорт-трекші Еркебұлан Шамуханов жарыста құлаған сәт. Қазақстан шорт-трек құрамасы енді 5-8 орын үшін сынға түседі. 13 ақпан 2018 жыл.

3
Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин (13-нөмерде) спринт жарысында финалға шыға алмады. Нәтижесінде 17-орын алды. 13 ақпан 2018 жыл.

4
Алексей Полторанин алда әлі үш жарысқа қатысады. Шаңғышы 50 километрге классика әдісімен жүгіру марафонында "барын салатынын" айтады. 13 ақпан 2018 жыл.

5
Тау шаңғысынан сынға түскен қазақстандық Игор Закурдаев үздік отыздыққа ене алмады. 13 ақпан 2018 жыл.

6
Қазақстандық конькиші Денис Кузин (көк формада) 1500 метрлік жарыста 30-орын алды. Ол жеңіске жеткен голландиялық Кьелд Нейстен бес секундқа қалып қойды. 13 ақпан 2018 жыл.

7
Денис Кузин жарыс жолында. 13 ақпан 2018 жыл.