Accessibility links

Азаттықтың Орыс қызметіне "Роскомнадзор" ескерту жолдады


Алексей Навальныйдың "Жемқорлықпен күрес қоры" зерттеуінен скриншот.

Ресейдің ақпараттық технология және телекоммуникация саласына бақылау жасайтын "Роскомнадзор" мекемесі ақпанның 9-ы күні кешке Азаттықтың Орыс қызметіне электронды поштамен ескерту хабарлама жолдады. Хабарламада - оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың "Жемқорлықпен күрес қоры" зерттеуіндегі бизнесмен Олег Дерипаска, вице-премьер Сергей Приходько туралы материалдары Ресейде жариялануға тыйым салынған ақпараттардың Ортақ реестріне енгені айтылған.

"Роскомнадзор" хатында Навальныйдың зерттеуі туралы ақпарат жарияланған интернет-адрес Ресейдің Краснодар аймағы, Усть-Лабинс аудандық сотының шешімімен ақпанның 9-да тыйым салынған Ортақ реестрге енгені жазылған. Яғни, зерттеу фильм шыққан күннің ертеңіне сот осындай шешім шығарған. Қадағалаушы мекеме хатта нақты қай ақпаратты таратуға тыйым салынғанын анықтап көрсетпеген. "Роскомнадзор" сүйенген сот шешімі аудандық сот сайтында әзірге жарияланып шықпапты.

"Медиазона" басылымы да жұма күні кешке қадағалаушы органнан осындай хабарлама алғанын жазды.

Ақпанның 8-і күні шыққан Алексей Навальныйдың зерттеуінде 2016 жылдың тамызында Ресей вице-премьері Сергей Приходько бизнесмен Олег Дерипасканың яхтасында бірнеше күн болғаны айтылады. Оппозициялық саясаткер вице-премьердің бұл әрекетін жемқорлық деп бағалайды.

Көре отырыңыз: Яхталар, олигархтар, қыздар: "жігіт аулағыш қыз" жемқорларды қалай әшкереледі?

Олег Дерипасканың өкілдері бизнесмен өз ар-ожданы мен беделін қорғайтынын, құқығын сотта қорғайтынын мәлімдеген. Сергей Приходько болса, Навальный зерттеуін "қисынды мен қисынсызды араластыру" деп атап, өзінің жемқорлыққа еш қатысы жоқтығын айтқан.

AzattyqTV

АҚШ және Ресей (СССР) лидерлері саммиттері
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:23 0:00
АҚШ пен Ресей

Лидерлер саммиті

XS
SM
MD
LG