Accessibility links

Ақтөбеде білім саласын бақылау департаментінің бұрынғы басшысы бостандыққа шықты


Ақтөбе облыстық сотының ғимараты. Көрнекі сурет. 2017 жыл.
Ақтөбе облыстық сотының ғимараты. Көрнекі сурет. 2017 жыл.

«Мектептерді аттестациядан өткізгені үшін ақша алды», «алаяқтықпен айналысты» деген айыппен үш жылға сотталған Ақтөбе облыстық білім саласын бақылау департаментінің бұрынғы басшысы Әкімгерей Көшербаев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

- 2017 жылғы желтоқсанның 25-і күні Әкімгерей Көшербаев сотқа өтініш жазып, жазасының өтелмеген бөлігін жеңілдетуді сұраған. Жазасын өтеуші Көшербаевтың бостандыққа шығуына оның денсаулық жағдайы ескерілген, түрмедегі тәртібі де себеп болған. Осылайша өтелмеген жеті ай бес күндік жазасы айыппұлмен алмастырылды, - деп хабарлайды облыстық сот.

Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлімінің 2-ші және 3-ші тармақтарымен айыпталған Әкімгерей Көшербаев 2016 жылғы 7 қарашадағы сот үкімімен 3 жылға сотталып, жеке мүлкі де тәркіленген.

Ақтөбе облысында түрлі лауазымды қызметтер атқарған Әкімгерей Көшербаевпен бірге 2016 жылы оның жұбайы Сағадат Сырбаева да істі болды. Ақтөбеде мектептердің бірінде директор болған Сырбаева қала мектептері мен облыстық білім саласын бақылау департаментін басқарған жұбайының арасында делдалдық қызмет атқарды деп айыпталған еді. 2016 жылғы 7 қарашадағы сот үкімімен Сырбаеваның бас бостандығы 1 жылға шектелген болатын.

XS
SM
MD
LG