Accessibility links

Тегеран абақтысындағы белсендінің өлімі хабарланды


Persian Wildlife Heritage Foundation ұйымының атқарушы директоры Кавус Сейед-Имами. 24 қаңтар, 2018 жыл.
Persian Wildlife Heritage Foundation ұйымының атқарушы директоры Кавус Сейед-Имами. 24 қаңтар, 2018 жыл.

Тегеранда "қоршаған ортаны қорғауда тыңшылық жасады" деген күдікпен қамауға алынған табиғат жанашыры, социология докторы Кавус Сейед-Имамидің үш аптаға жетпей абақтыда қайтыс болғаны хабарланды. Марқұмның азаматтығына байланысты канадалық-ирандық ғалым екені айтылады. Бұл туралы 10 ақпанда ғалымның ұлы Раам Имами әлеуметтік желіге жариялады.

Мамандығы музыкант Раам Имамидың Twitter және Instagram парақшаларында жазғандарына қарағанда әкесінің өлімін анасына 9 ақпан күні естірткен екен. Раам Имами "Әкемнің өлгеніне сене алмай отырмын" деп жазады.

Оның жазғандарына қарағанда, түрме басшылығы әкесінің өзіне өзі қол салғаны жайлы айтқан. Кавус Сейед-Имами қамауға алынғанына үш аптаға таяғанда осындай жағдайға ұшырап отыр.

Америкалық бағдарламамен оқып келген ол Иранда орналасқан, сирек аңдарды қорғаумен айналыстан Persian Wildlife Heritage Foundation ұйымының атқарушы директоры болған. Кавус Сейед-Имамиға қоса оы ұйымның тағы да екі қызметкері ұсталған. Олардың да "қоршаған ортаны қорғауда тыңшылық жасады" деген күдікке ілінгені айтылады.

XS
SM
MD
LG