Қазақстандық Юлия Галышева фристайлдың могул түрінен Пхенчхан олимпиадасында қола медаль алды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Ол финалда 77,40 ұпай жинады. Алтынды франциялық Перрин Ляффон, күмісті канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант иеленді.
Оқи отырыңыз: "Төмен нәтиже үшін кешірім сұраймын"
Азия ойындары мен Универсиада чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Юлия Галышева Сочи олимпиадасында 7-орын алған.
Олимпиада жүлдегерімен сұхбатты Азаттықтан алдағы уақытта оқи аласыз.