Accessibility links

Сорос Brexit-ке қарсы кампанияны қаржыландырғанын мәлімдеді


Джордж Сорос, америкалық миллиардер.
Джордж Сорос, америкалық миллиардер.

Америкалық миллиардер Джордж Сорос Ұлыбританияның Еуропа Одағынан (ЕО) шығуына қарсы Best for Britain кампаниясын қаржыландыруға үлес қосқанын мақтан тұтатынын мәлімдеді. Соростың сөзінше, ол «анти Brexit» белсенділеріне 400 мың фунт берген.

Кезінде коммунистік Венгриядан кетіп қалып, АҚШ-та қаржы операцияларын жүргізіп байыған 87 жастағы Джордж Сорос ЕО-дан шығу туралы шешім Ұлыбританияны әлсірететін «аянышты қателік» болғанын мәлімдеген.

Инвестор ретінде танылған Сорос өткен аптада «анти Brexit» кампаниясына қаржы құйғаны туралы мәлімет әшкере болған соң сынға ұшыраған. Құқық қорғау ұйымдарын қаржыландыратын «Ашық қоғам» қорын құрған миллиардердің сөзінше, өзіне қатысты «жеке басқа тиіп кететін» сын айтылған. Британдық Gardian газетінің жазуынша, Венгрия және Ресей биліктерінің Соросқа қарсы мәлімдемелерінде антисемиттік сарындағы сөз келтірілген.

XS
SM
MD
LG