Пхенчхан олимпиадасында үшінші орын алған қазақстандық фристайлшы Юлия Галышеваға қола медаль 12 ақпанда салтанатты түрде табысталды. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлайды.
Пхенчхан ойындарында медаль финалдан кейін келесі күні Олимпиада паркіндегі "Медаль плазада" табысталып жатыр.
Юлия Галышева 11 ақпанда фристайлдың могул түрінен Пхенчхан Олимпиадасының қола медалін иеленген. Алтынды франциялық Перрин Ляффон, күмісті канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант алған.
Оқи отырыңыз: Юлия Галышева: Жарысқа гипспен шықтым
Қазақстан бір қола медальмен жалпы есепте 13-орында келеді. Пхенчхан Олимпиадасы 25 ақпанда аяқталады.