Accessibility links

Пхенчханда өтіп жатқан қысқы Олимпиадада фристайлдың могул түрінен ерлер арасындағы жарыста Павел Колмаков 7-орын, Дмитрий Рейхерд 8-орын алды.

Қазақстандық жанкүйерлер мен шенеуніктер Дмитрий Рейхердтен медаль күткен. Халықаралық Associated Press агенттігі Олимпиада алдында Рейхерд қола алады деп болжаған.

11 ақпанда қазақстандық Юлия Галышева могулдан әйелдер арасындағы жарыста қола медаль алған. Ол жарысқа жарақаттанған қолымен шыққанын айтқан. Галышева қола алған күні Қазақстан фристайл құрамасының бапкері Елена Круглыхина "ерлер арасында екі медаль алғымыз келеді" деген еді.

12 ақпанда биатлоннан із қуып жарысуда Галина Вишневская әйелдер арасында 20-орын, Роман Еремин ерлер арасында 54-орынмен шектелді.

Пхенчхан Олимпиадасы 25 ақпанда аяқталады.

Дмитрий Рейхердтің жетістіктері.
Дмитрий Рейхердтің жетістіктері.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG